№68 жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы туралы
№68 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі: ОҚО, Шымкент қаласы Азат м/а Е.Спатаев к.80А мекен-жайында 1992 жылы 115 бала, 6 сыныппен «№68 бастауыш сынып мектебі» болып ашылды.
Мектеп директоры: Рустемов Мақсат.
2002 жылы Ақжол 89 көшесінде қосымша ғимарат соғылып, «№68 негізгі орта мектеп» болып ашылды. Мектеп директоры: Нурбекова Клара Қасымхановна
2010 жылы Азат м/а Аққанат 33а мекен-жайына жаңа 550 орынға арналған ғимарат салынып қолданысқа берілді.
2011 жылы «№68 жалпы орта білім беретін мектебі» болып ашылды.
Мектеп директоры: Нурбекова Клара Қасымхановна
2014-2017 жыл аралығында мектеп директоры Кенжебаев Құрбанәлі Мамырұлы болса, 2018 жылдан бастап мектеп директоры қызметін Пржанова Гулнур Аскербековна атқарып келеді.
Қазіргі таңда,Оқушы саны: 1340, 56 сынып комплектасы бар.